Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жергілікті бюджеттен

қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

&nbsp1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.

  1. Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Дата публикации
19 марта 2025