Үгіт материалдары үшін баспа алаңын беру шарттары, төлем мөлшері туралы мәліметтер

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Шортанды ауданының «Shortandy News»  газеттерінің редакциясы» ЖШС № 8 бірмандаттық сайлау округі бойынша Шортанды ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.

Жариялау үшін келісім шарттары 2025 жылдың 10 наурыздан бастап жасалады.

2025 жылдың 25 наурыз үгіт насихат материалдарын жариялаудың соңғы күні.

Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады.

Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Shortandy News» газетінде «Сайлау-2025» айдарымен жарияланады.

Қазақстан Республикасының әкімдер кандидаттарына баспа алаңын бергені үшін бір шаршы сантиметр үшін ақы төлеу мөлшері 150 (жүз елу) теңгені құрайды.

Ұсынылған сайлау материалдары үшін төлем мөлшері 150 (жүз елу) теңгені құрайды.

Дата публикации
18 марта 2025