2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 14-бабының 2),8) тармақшаларына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы                                                      

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

  1.   Қаулы сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.

 

      Комиссия төрағасы                                                    С. Ерғалиев

 

      Комиссия хатшысы                                                         М. Сақабанова       

Қаулы
Дата публикации
22 октября 2020