Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Шортанды ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Шортанды ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ережені тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Шортанды ауданы әкімінің «Шортанды ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 8 ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Шортандыауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Шабаров