«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабы 1-тармағының 16-5-тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шортанды ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Күші жойылды деп танылсын:
- Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № А-11/311 «Шортанды ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қаңтарда № 31583 болып тіркелген) қаулысы;
- Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № А-3/45 «Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № А-11/311 «Шортанды ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Ақмола облысы Әділет департаментімен 2024 жылғы 18 наурызда № 8710-03 болып тіркелген) қаулысы.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Шабаров