«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2-3 тармақшасына, 101-бабының
4 тармақшасының 1 тармағына, 3-1 тармағына, 6 тармағына сәйкес,
Шортанды аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шортанды аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2025 жылғы
30 наурызға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 29 қантардан 28 ақпанға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 5 наурызға дейін белгіленсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған, Шортанды аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Шортанды аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.
Төраға М. Атабаев