Шортанды аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шортанды ауданының Жолымбет кентінің және Новоселовка ауылдық округінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Жолымбет кентінің сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2526 азамат енгізілді, олардың 1585-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 26.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Артюх А.О. – 197; Әуезханов Е.У. – 1153; Жүкен Ә.Ғ. – 201;
Жолымбет кентінің әкімі болып Әуезханов Еркін Усембайұлы сайланды, 1967 жылы туған, Шортанды ауданының Жолымбет кентінің әкімі, Жолымбет кентінде тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.
Новоселовка ауылдық округінің сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 573 азамат енгізілді, олардың 407-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 6.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Адамов Қ.А. –280; Алгазин А.Т. – 46; Камешева Г.Қ. – 73;
Новоселовка ауылдық округінің әкімі болып Адамов Қуат Ахметұлы сайланды, 1973 жылы туған, «Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ МКК комплаенс-офицері, Атбасар ауданының Атбасар қаласында тұрады, өзін - өзі ұсынылған.
Шортанды аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2025 жылғы 20 қантардағы №№ 1/67, 2/68 шешімдерімен Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кентінің және Новоселовка ауылдық округінің 2025 жылғы 19 қантарда сайланған әкімдерін тіркеді.
Шортанды аудандық сайлау комиссиясы