«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы «Шортанды ауданының Жолымбет кенті және Новоселовка ауылдық округі әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» №43/11 қаулысына сәйкес, Жолымбет кенті және Новоселовка ауылдық округі әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтерінің құрылғаны, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Шортанды ауданының Жолымбет кенті әкімді сайлау бойынша сайлау округтері:
- Жолымбет кенті әкімді – Жолымбет кенті шекараларында Жолымбет сайлау округі;
Шортанды ауданының Раевка ауылдық округі әкімді сайлау бойынша сайлау округтері:
- Раевка ауылдық округі әкімді - Раевка ауылдық округінің шекараларында Раевка сайлау округі;
Шортанды аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22,
тел.: 8(71631) 2-11-01;
Комиссия төрағасы – Атабаев Марат Алтайбекұлы;
комиссия төрағасының орынбасары – Сарина Айсұлу Бақытжанқызы;
комиссия хатшысы – Макаренко Светлана Валерьевна;
комиссия мүшелері: Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы, Власкина Минара Шавердиевна, Дорожкеевич Сергей Вячеславович, Танатов Буркит Утегенұлы.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы