2025-2027 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2025-2027жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 8 168 893 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 289 109 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9 297 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 720 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 857 767 мың теңге;
2) шығындар – 8 168 893 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (-36 807) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 49 842 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 649 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 36 807 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (-36 807) мың теңге.
- 2025жылға арналған аудандық бюджетте 146 763 мың теңге сомасында субвенция есепке алынсын.
- 2025жылға арналған аудандық бюджетте кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін 137 500 мың теңге сомасындағы бюджеттік субвенциялар көлемдері көзделгені есепке алынсын, оның ішінде:
Шортанды кенті – 17 000 мың теңге;
Дамса ауылдық округі – 15 000 мың теңге;
Новокубанка ауылдық округі – 15 000 мың теңге;
Бектау ауылдық округі – 19 000 мың теңге;
Бозайғыр ауылдық округі – 4 500 мың теңге;
Петровка ауылдық округі – 10 000 мың теңге;
Андреевка ауылдық округі – 12 000 мың теңге;
Раевка ауылдық округі – 16 000 мың теңге;
Пригородный ауылдық округі – 18 000 мың теңге;
Новоселовка ауылдық округі – 11 000 мың теңге.
- 2025жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 49 842 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер есепке алынсын.
- 2025жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуге 86 649 мың теңге сомасында есепке алынсын.
- 2025жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар төлеу 77 мың теңге сомасында есепке алынсын.
- 2025жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 25 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
- 2025-2027жылдарға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер, тиісінше 4, 5 қосымшаларға сәйкес есепке алынсын.
- 2025-2027жылдарға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер, тиісінше 6, 7 қосымшаларға сәйкес есепке алынсын.
- 2025жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті бюджет қаражаты есебінен нысаналы трансферттер 8 қосымшаға сәйкес есепке алынсын.
- Осы шешім 2025жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы
|
|
Г. Сәдуақасова
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі