2025 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

2025 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық

елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы

мамандарға, кент, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

 

 

«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8 және 9 тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінеұсынылсын:

1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит, келген мамандар үшін:

ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекенге айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.

  1.  Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Пояснительная записка к решению Шортандинского районного маслихата «О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шортандинского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2025 год»
Дата публикации
28 ноября 2024