Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шортанды ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
- «Шортанды ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № А-8/193 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30129 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.