Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шортанды аудандық мәслихатының

2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2

«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шортанды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 431 407,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 462 218,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 317 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 720 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 946 152,3 мың теңге;

2) шығындар – 7 594 525,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – (-22 038,8) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 64 610 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 648,8 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-141 078,6) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 141 078,6 мың теңге.»;

4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 64 610 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер есепке алынсын.»;

6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар төлеу 78,2 мың теңге сомасында есепке алынсын.»;

7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 6, 8 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Г. Сәдуақасова



Приложение 1 к решению Шортандинского районного маслихата № 8С-13/2 от 25 декабря 2023 года
Дата публикации
15 ноября 2024