Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/2 «2024-2026 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ |
Көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ |
|
2. |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер. |
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес |
|
3 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ қажет болған жағдайда-республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). |
|
|
4 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.
|
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкелмейді |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері.
|
ББӘ арасында қаражатты қайта бөлуге байланысты бюджеттің кіріс және шығыс бөлігіне өзгерістер |
|
6 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер. |
жоқ |
|
7 |
Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы. |
жоқ |
|
8 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). |
Шешім жобасы Шортанды ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашада интернет-ресурсында , сондай-ақ шешім жобасы 2024 жылғы 1 қарашада «Ашық НҚА» порталында орналастырылған |
|
9 |
Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат. |
Шешім жобасына пресс-релиз Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында 2024 жылғы 1 қарашада орналастырылды. |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
|
Сәйкес келеді |
|
11 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері.
|
Талап етпейді |
Басшы Ж. Мунтаева