Шортанды аудандық сайлау комиссиясының Раевка ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарламасы

Шортанды аудандық сайлау комиссиясының Раевка ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарламасы

 

2024 жылғы 26 қазанда Шортанды ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

27-қазанда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Шортанды ауданының сайлау комиссиясы Шортанды ауданы Раевка ауылдық округі әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді.

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

 

Әкімдерге кандидаттар ретінде тіркелу:

 

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Туған жылы

Атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмыс орны және тұрғылықты жері

Раевка ауылдық округі

Мукашов

Марат Төлегенұлы

1982

Шортанды ауданының "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, әкім

Бейсембаева Гүлмира Қайыртайқызы

1987

Ақмола облысы білім басқармасының «Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі" ММ, қорғаншылық және қамқоршылық әдіскері

Жүкен Әсия Ғалықызы

1999

Шортанды ауданының  "Шортанды кенті әкімінің аппараты" ММ, бас маманы

 

Барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

2024 жылдың 27 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 16 қарашада жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

Дата публикации
31 октября 2024