Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында

салық салу объектісінің орналасуын ескеретін

аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Шортанды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № А-11/238 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25558 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шортанды ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
17 октября 2024