- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыру үшін әзірленді.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Жобаны қабылдау бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Жобаның мақсаты Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында
салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту болып табылады.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.
Шортанды ауданы әкімдігінің «Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № А-11/238 қаулысы.
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.
Жоқ.
- Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).
Жоба Шортанды аудан әкімдігінің сайтында, 2024 жылғы сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды
- Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.
Шортанды аудан әкімдігінің сайтында 2024 жылғы орналасқан.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Сәйкес келеді.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.