Шортанды ауданы бойынша аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және округтік сайлау комиссияларының шекаралары туралы хабарлама
Шортанды аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 қазандағы № 22/9 «№11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шортанды аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы" қаулысына сәйкес, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және округтік сайлау комиссияларының шекараларын хабарлаймыз.
Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22, тел: 8 (71631) 2-11-01.
Комиссия төрағасы –Атабаев Марат Алтайбекұлы; төрағасының орынбасары – Сарина Айсұлу Бақытжанқызы; хатшы – Макаренко Светлана Валерьевна; комиссия мүшелері: Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы, Власкина Минара Шавердиевна, Гендик Анна Владимировна, Дорожкеевич Сергей Вячеславович.
№11 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы, Кан Де Хан көшесі 2 а, Ойын -сауық орталығының ғимараты, тел. 8(71631) 24-7-92.
Шекаралары: Новокубанка және Раевка ауылдық округтерінің шекараларында.
№ 719, 720, 721, 722, 723, 724 сайлау учаскелері кіреді.
Комиссия төрайымы – Погребнякова Татьяна Валентиновна; төрайымының орынбасары – Өмірзақ Нұрбат; хатшы – Искакова Жанна Сабиржановна; комиссия мүшелері: Самагүл Амангүл, Красников Дмитрий Александрович.
Шортанды аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы М. Атабаев