№ 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шортанды
ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2-3 тармақшасына, 101-бабының
4 тармақшасының 1 тармағына, 3-1 тармағына, 6 тармағына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде
Ақмола облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шортанды аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы
8 желтоқсанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Шортанды аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы облыстық «Вестник Шортанды», «Шортанды Жаршысы» газеттерінде және Шортанды аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.