«Қазақалтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жер учаскесін (жария сервитут) шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы

«Қазақалтын» жауапкершілігі 
шектеулі  серіктестікке жер 
учаскесін  (жария сервитут)
шектеулі пайдалану құқығын 
белгілеу  туралы
 
 
 
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қазақалтын»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № ЗТ-2024-04716524 сенімхаты бойынша өкілінің өтініші, жер учаскесінің орналасуының ситуациялық схемасы негізінде:
1. «Қазақалтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу және қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,25 гектар жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) 5 жыл мерзімге белгіленсін. 
2. «Қазақалтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне: 
1) осы өкім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу.
2) «Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»  мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шартын жасасын; 
3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру.
3. Шортанды ауданы  «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1) осы өкім Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін; 
2) осы өкім ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы өкімнің орындалуын өзіме қалдырамың.
5. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
 
 
Жолымбет кентінің әкімі                                                                Е. Әуезханов

 

Дата публикации
11 сентября 2024