Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шортанды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 910 901,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 569 109 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 315,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 720 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 318 756,3 мың теңге;

2) шығындар – 8 074 018,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – (-36 806,8) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 49 842 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 648,8 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-126 310,6) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 126 310,6 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 6, 8 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шешім
Дата публикации
22 августа 2024