«№7 Автопарк» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
жер учаскелерін шектеулі пайдалану
құқығын (жария сервитут)
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабының 2-тармағына сәйкес «Автопарк № 7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2024 жылғы 30 шілдедегі № ЗТ-2024-04856166 өтініші негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарламалар (жария сервитут) жіберілсін;
2) «Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шартын жасасын;
3) Жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіруге міндетті.
1) Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.