«ALTYN AYMAQ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабының 2-тармағына сәйкес «ALTYN AYMAQ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2024 жылғы 21 маусымдағы № ЗТ-2024-04453231 өтініші негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «ALTYN AYMAQ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылғы 31 мамырға дейінгі мерзімге жалпы ауданы 640,5916 гектар жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
  2. «ALTYN AYMAQ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

1) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарламалар (жария сервитут) жіберілсін;

2) «Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шартын жасасуға;

3) Жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіруге міндетті.

  1. Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

1) Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;

2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары А. Махфузға жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды ауданының

әкімі                                                                                                     С. Шабаров

Дата публикации
15 июля 2024