Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы

Аудандық бюджет шығыстарының

басым бағыттарының

тізбесін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі айқындалсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шортанды ауданы әкімдігінің

қаулысына қосымша

Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

  1. Еңбекақы төлемдері және басқада ақшалай төлемдер, оның ішінде техникалық қызметкерлердің еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар.
  3. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
  4. Банк қызметтеріне ақы төлеу, борыштық міндеттемелерді өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
  5. Отын сатып алуға (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуға арналған шығыстар.
  6. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.
  7. Республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттері, бюджеттік несиелер.

 

Дата публикации
10 июля 2024