«Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шортанды ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 7 шешіміне толықтыру енгізу туралы

  Шортанды ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шортанды ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8489 болып тіркелген) келесі толықтыруенгізілсін:

Көрсетілген шешімның қосымшасын:

№798 сайлау учаскесі мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«№ 798 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті,  Советская көшесі, 22 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Ақмола облысы полиция департаментінің Шортанды ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, уақытша ұстау изоляторы.

Шекаралар:

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Советская көшесі, 22».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
31 мая 2024