«Tau-ken consult» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы

«Tau-ken consult» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігіне 

жер учаскелерін шектеулі

пайдалану құқығын

(жария сервитут)

белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес «Tau-ken consult» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Азамат Темірұлы Жиенбаевтың  2024 жылғы 14 наурыздағы № ЗТ-2024-03429952 өтініші негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Tau-kenconsult» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030жылғы 4 наурызға дейінгі мерзімге жалпы ауданы 42,0 гектар жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
  2. «Tau-kenconsult» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарламалар (жария сервитут) жіберілсін;

2) «Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шарты жасалсын;

3) Жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру.

  1. Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

1) Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;

2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары А. Махфузға жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды ауданының

әкімі                                                                                                          С. Шабаров

Дата публикации
26 марта 2024