Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурстың хабарландыруы

Конкурс туралы мәлімет

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: «__»______ 2024ж - «__»______ 2024ж

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу:

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

Сұхбат:

Анықтама телефоны: 8 (71631) 2-18-31

Орташа лауазымдық жалақы: 210 086 тг.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік. Функционалдық блогы - В, лауазым деңге- 3.

Функционалдық міндеттері:

 ҚР заңнамасын түсіндіру, ауданның жергілікті атқарушы органдарында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру (ЖАО). Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің (НҚА), шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің, аудан әкімінің мүдделерін, және басшылықтың тапсырмасы бойынша ауданның басқа ЖАО сотта, сондай-ақ ұйымдарда аудан ЖАО қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде білдіреді. Шарттардың, НҚА және басқа да заңды құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда ауданның ЖАО пайдасына қабылданбаған сот актісіне барлық сот сатыларында шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішхатпен жүгінеді. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді. Аудан ЖАО-да консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Өкілеттіктер шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, заңдар нормаларын сақтау саласында бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі ұсынымдардың (нұсқамалардың) орындалуын бақылайды. Әділет органдарында ЖАО НҚА-ның уақтылы тіркелуін бақылауды жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Басшы айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Білім беру бөлігіндегі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) саласындағы осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болған кезде орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім алуға жол беріледі.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Шағымдану тәртібі:

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3444056713

Дата публикации
06 марта 2024