Шортанды аудандық мәслихатының
2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2
«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 8 168 893 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 289 109 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9 297 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 720 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 857 767 мың теңге;
2) шығындар – 8 168 893 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (-36 807) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 49 842 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 649 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 36 807 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (-36 807) мың теңге.
келесі мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
«10-1. 2024 жылдың 1 қаңтарында қалыптасқан жағдай бойынша аудандық бюджетте 163 117,4 мың теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдықтары есепке алынсын.»;
көрсетілген шешімнің 1, 8 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
|
Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы |
|
Г. Сәдуақасова |