Жоба
«Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шортанды ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шортанды ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шортанды ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 156163 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі С.Шабаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы