2024 жылғы 18 ақпанда Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кентінің сайланған әкімін тіркеу туралы Шортанды аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2024 жылғы 18 ақпанда Шортанды ауданының Шортанды кенті әкімінің сайлауы өтті.

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шортанды ауданы Шортанды кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4884 азамат енгізілді, олардың 3140-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 31.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алгазин А.Т. – 258; Камешева Г.К. – 330; Менгенбай И.М. – 2521.

Шортанды кентінің әкімі болып Мергенбай Ибрагим Муратбекұлы  сайланды, 1996 жылы туған, Шортанды ауданының "Шортанды кенті әкімінің аппараты" ММ әкімнін орынбасары,   Шортанды кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 20 ақпандағы № 2/16 шешімімен Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кентінің 2024 жылғы 18 ақпанда сайланған әкімін тіркеді.

 

 

 

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 февраля 2024