2024 жылғы 18 ақпанда Шортанды ауданының Шортанды кенті әкімінің сайлауы өтті.
Шортанды аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шортанды ауданы Шортанды кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4884 азамат енгізілді, олардың 3140-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 31.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алгазин А.Т. – 258; Камешева Г.К. – 330; Менгенбай И.М. – 2521.
Шортанды кентінің әкімі болып Мергенбай Ибрагим Муратбекұлы сайланды, 1996 жылы туған, Әкімнін орынбасары, Шортанды ауданының" Шортанды кенті әкімінің аппараты" ММ, Шортанды кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.