2024-2026 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің
негізгі параметрлері бойынша
қысқаша ақпарат
Шортанды ауданының жергілікті бюджеті Шортанды аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі
Жергілікті бюджет – бұл Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен белгіленген түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомствосына бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға тағайындалған орталықтандырылған ақша қоры.
2009 жылдан бастап ҚР бюджет алдағы үшжылдық кезеңге әзірленеді.
1-бөлім. Бюджетті жоспарлау және бекіту
1.1. Ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштері
«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы Заңымен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:
1) еңбекақының ең кіші мөлшері – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері – 28 115 теңге;
3) ең кіші зейнетақы мөлшері – 57 853 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге.
2024 жылға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қалыптастырылған және «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихаты шешімінің негізінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді ескере отыра, дербес атқарушы органдардың штат санының лимитінен шыға отыра есептелген.
Аудандық бюджет «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 шешімімен бекітілді.
1-кесте
1.2 2024-2026 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің
негізгі параметрлері
Субвенциялар – бұл облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне берілетін бюджеттік қаражаттар
|
2024-2026 жылдарға арналған Шортанды ауданының аудандық бюджетінің негізгі параметрлері млн. тенге
Түсімдер
Алдағы үшжылдық кезеңге түсімдер құрамында кірістер болжамы 2% дейін бағалар өсімінің индексін ескере отыра жасалған. Нәтижесінде, 2024 жылға аудан бюджеті кірістерінің болжамы (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 2 457,8 млн. теңге сомасында айқындалған. 2025 жылға аудан бюджеті кірістерінің болжамы (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 3 806,5 млн. теңге, 2026 жылға 2 475,6 млн. теңге сомасында айқындалған.
2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік субвенциялар көлемі 2-кесте Субвенциялар мың. тенге
Шығыстар
2024 жылға арналған аудан бюджетінің негізгі бағыттары аудан дамуының бірінші кезектегі мәселелерін шешуді қарастырады. Барлық бюджеттік шығыстар алдағы үшжылдық кезеңге аудан аумақтарын дамыту бағдарламасында белгіленген бағыттармен және индикаторлармен өзара байланысты.
Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік блокқа арналған шығыстар 2 функциональдық топтан, атап айтқанда: әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістіктен тұрады (2021 жылдан бастап білім беру жөніндегі шығыстар аудандық деңгейде көзделмейді). Тұтастай алғанда, мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік салаға арналған шығыстары 2024 жылы шығыстардың жалпы көлемінің 8,3% немесе абсолюттік мәнде 674,9 млн.теңгені, 2025 жылы – шығыстардың жалпы көлемінің 13,1% немесе 499,1 млн.теңге, 2026 жылы – шығыстардың жалпы көлемінің 20,6 % немесе 510 млн.теңгені құрайды.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік салада негізгі басымдылық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы болып табылады.
Тұтастай алғанда, 2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 449 млн. теңге көзделген (2024 жылы – 248,2 млн. теңге, 2025 жылы – 98,5 млн. теңге, 2026 жылы – 102,3 млн. теңге). 4-кесте 2024-2026 жылдарға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар млн. тенге
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 2024-2026 жылдарда 1 235 млн. теңге көзделген (2024 жылы – 426,7 млн. теңге, 2025 жылы – 400,6 млн. теңге, 2026 жылы – 407,7 млн. теңге). Бюджеттік қаражаттар мәдени-демалыс жұмыстары іс-шараларын жүргізуге, аудан кітапханаларын, мемлекеттік тілді оқыту орталығын ұстауға, спорттық іс-шараларды өткізуге көзделген.
5-кесте Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2024-2026 жылдарға арналған шығыстары млн. теңге
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында үшжылдық алдағы кезеңге 5 627,8 млн. теңге көзделген, оның ішінде 2024 жыл – 4 006 млн.теңге, 2025 жыл – 1 423,6 млн. теңге, 2026 жыл – 198,2 млн. теңге.
6-кесте Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының 2024-2026 жылдарға арналған шығыстары млн. теңге
Шортанды ауданының Шортанды к. блок-модульді қазандық жайын сатып алу 818,4 мың теңге сомасында Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары Аталған салада үшжылдық алдағы кезеңге 338,1 млн. теңге көзделген, оның ішінде 2024 жыл – 69,2 млн.теңге, 2025 жыл – 59,7 млн. теңге, 2026 жыл – 209,1 млн. теңге. 7-кесте Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласында 2024-2026 жылдарға арналған шығыстар көлемі млн.теңге
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері
Құрылыс және жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімдері бойынша үшжылдық алдағы кезеңге 110,2 млн.теңге сомасында, 2024 жылға 57 млн.теңге, 2025 жылға 26,4 млн.теңге, 2026 жылға 26,8 млн.теңге шығыстар көзделген. 8-кесте млн.теңге
Көлiк және коммуникациялар
Көлік және коммуникациялар саласындағы аудан бюджетінің шығыстары аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. 2024 жылы Шортанды ауданының Бозайғыр а. кіресін жолмен кентішілік жолдарды күрделі жөндеуге 132,6 млн. теңге, Шортанды ауданының Төңкеріс а. кіресін жолмен кентішілік жолдарды күрделі жөндеуге 418 млн. теңге трансферттер көзделген. "Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау" бағдарламасы бойынша шығыстар Шортанды-Дамса-Степное, Шортанды-Пригородное бағыты бойынша жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуге 17 млн.теңге сомасында жоспарланған. 9-кесте Көлiк және коммуникациялар саласында 2024-2026 жылдарға арналған шығыстар көлем млн.тенге
Басқалар
2024 жылға «Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасы бойынша 1 079,4 млн.теңге сомасында жергілікті атқарушы органның резерві көзделген. 10-кесте млн.теңге
«Ауыл-ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға 1 054,4 мың теңге сомасында, оның ішінде. - Шортанды ауданының Дамса а. кәріз желілерін күрделі жөндеу 44 355 мың теңге сомасында; - Шортанды ауданының Научный к. кәріз желілерін күрделі жөндеу 46 073 мың теңге сомасында. - Шортанды ауданының Жолымбет к. Мәдениет үйін күрделі жөндеу 150 000 мың теңге сомасында; - Ақмола облысы Шортанды ауданының Дамса а. орталық қазандық жайын және жылу желілерінің құрылысы 128 347 мың теңге сомасында; - Ақмола облысы Шортанды ауданының Новокубанка а. электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту 55 730 мың теңге сомасында; - Ақмола облысы Шортанды ауданының Төңкеріс а. электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту 4 786 мың теңге сомасында; - Ақмола облысы Шортанды ауданының Дамса а. №1-3 ПК орталық қазандық жайын және жылу желілерінің құрылысы 155 121 мың теңге сомасында; -Ақмола облысы Шортанды ауданының Бозайғыр а. дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 470 000 мың теңге сомасында.
Трансферттер
2024 жылы 137,5 млн.тенге сомасында аудандық бюджеттен кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі көзделген, оның ішінде: Шортанды кенті – 17 млн. теңге; Дамса ауылдық округі – 15 млн. теңге; Новокубанка ауылдық округі – 15 млн. теңге; Бектау ауылдық округі – 19 млн. теңге; Бозайғыр ауылдық округі – 4,5 млн. теңге; Петровка ауылдық округі – 10 млн. теңге; Андреевка ауылдық округі – 12 млн. теңге; Раевка ауылдық округі – 16 млн. теңге; Пригородный ауылдық округі – 18 млн. теңге; Новоселовка ауылдық округі – 11 млн. теңге.
|