Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 қаңтардағы «Шортанды ауданы Шортанды кенті әкімінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» № 3/2 қаулысына сәйкес Шортанды кентінің әкімінің сайлауы бойынша сайлау округтерінің құрылғаны, Шортанды ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Шортанды ауданының Шортанды кенті әкімін сайлауы бойынша сайлау округтері:
- Шортанды кентінің әкімі - Шортанды кентінің шекараларында Шортанды сайлау округі;
Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22,
тел.: 8(71631) 2-11-01;
Комиссия төрағасы – Атабаев Марат Алтайбекұлы;
комиссия төрағасының орынбасары – Сарина Айсылу Быхчанқызы;
комиссия хатшысы – Макаренко Светлана Валерьевна;
комиссия мүшелері: Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы, Власкина Минара Шавердиевна, Гендик Анна Владимировна, Дорожкеевич Сергей Вячеславович.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы