Ішкі конкурстың қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеу үшін бірыңғай конкурстық комиссияның қорытынды отырысының № 4 ХАТТАМАСЫ

Ішкі конкурстың қорытындысы бойынша

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеу үшін бірыңғай конкурстық комиссияның қорытынды отырысының

№ ___ХАТТАМАСЫ

 

Шортанды к.                                16.00 сағ.                     «_12_»__қаңтар__ 2024 ж

 

Махфуз А.– Шортанды ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Зилифян Г.Д. - Шортанды ауданы әкімі аппараты басқармасының (кадр қызметі) бірыңғай қызметі бас маманының м. а., комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері:

 

Саутбаева А.Ю. - Шортанды ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;

Савченко И.Е.– әкім аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

Керимбаев А.А. –Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.

 

КҮН ТӘРТІБІ

Шортанды ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Шортанды ауданы әкімінің интернет - ресурстарында 2024 жылғы 4 қаңтарда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялады: - Шортанды ауданы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын ұй инспекция секторының меңгерушісі, «Е-R-3» санаты.

2024 жылғы 5-9 қаңтар аралығында бос лауазымға орналасу үшін осы конкурсқа қатысу үшін Александр Владимирович Колесников құжаттар тапсырды.

Кандидат А. В. Колесников ұсынған құжаттар біліктілік талаптарына, сондай-ақ бос лауазымға түсу шарттарына сәйкес келеді және ол әңгімелесуге жіберілді.

Кандидат А.В. Колесниковпен әңгімелесу байқаушы С.С. Тасбекованың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы қатысуымен өткізілді.

Әңгімелесу барысында кандидаттың кәсіби және жеке қасиеттеріне баға берілді, сұрақтар қойылды. Кандидатты бағалау кезінде конкурстық комиссия тиісті бос лауазымның біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығына сүйенді. Сондай-ақ, үміткер кәсіби тәжірибесі, білім деңгейі және коммуникативті дағдылары бойынша бағаланды. Комиссия мүшелері қойған сұрақтарға жауаптардың нәтижелерін бағалау парақтарына енгізді.          Кандидатпен әңгімелесу барысы бейнежазба арқылы тіркелді. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттар негізінде, сондай-ақ конкурстық сұрақтарға жауаптардың нәтижелерін қамтитын өткізілген әңгімелесу нәтижелері бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шортанды ауданы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын ұй инспекция секторының меңгерушісі, «Е-R-3»санаты, Колесников Александр Владимирович бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ұсынылсын.  

 

 

 

Комиссия төрағасы: ______________________ Махфуз А.

 

Комиссия хатшысы:     ____________________ Зилифян Г.Д

 

Комиссия мүшесі:           ____________________Саутбаева А.Ю.

                       

                                           _____________________Савченко И.Е.

 

_____________________Керимбаев А.А.

 

Дата публикации
15 января 2024