Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 

Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алты жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету нәтижесі Ережеге қосымшаға сәйкес формада  көрсетілетін қызметті алушыға порталда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасау,  есепке қою және кезектілік немесе ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хабарлама болып табылады.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін қызмет алушы Порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның немесе куәландырылған бір реттік парольдің көмегімен тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

1) көтерме жәрдемақы алу кезінде:

Қағидаларға 2-қосымшаға сай форма бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат немесе сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы дипломы немесе сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

қызмет алушының еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі.

2)  тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу кезінде:

Қағидаларға 2-қосымшаға сай форма бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат немесе сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы дипломы немесе сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

қызмет алушының еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

некеде тұрғандар үшін некеге отыруды (ерлі-зайыптылықты)  мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе қызмет алушылар үшін сандық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

Кредиттік бюродан есеп.

Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық көшірмелері (сканерленген) бекітіледі, олар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе куәландырылған бір реттік парольмен куәландырылады.

Қызмет алушы жеке басын куәландыратын құжаттарды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтамаларды, еңбек жолы туралы мәліметтерді, орта білімнен кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді Порталдан алады.

Көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі.

Бұл ретте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулер ескеріле отырып, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беріледі.

Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық мерзімі өтпеген кезде ұсынылады.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-анасынан (оның ішінде асырап алушыларынан), балаларынан (оның ішінде асырап алынған), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен) тұрғын үй сатып алуға пайдалануға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үйді сатып алуға болмайды.

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен айқындалған.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Шортанды к., Абылай хан к-сі, 22  мекен-жайы немесе 2-15-12, 2-20-68 телефондары бойынша демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін хабарласуға болады.

Дата публикации
25 декабря 2023