Шортанды аудандық мәслихатының
2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2
«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 324 074,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 087 819,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 993 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 208 261,7 мың теңге;
2) шығындар – 7 460 199,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (-26 327,8) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 51 750 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 78 077,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-109 797,2) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 109 797,2 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 7 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы |
|
Г. Сәдуақасова |