Ақмола облысы Шортанды ауданының коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024 – 2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Ақмола облысы Шортанды ауданының коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024 – 2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 335-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы №318 бұйрығына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысының Шортанды ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024 – 2029 жылдарға арналған бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы                              Г. Сәдуақасова



Дата публикации
17 ноября 2023