"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 17-бабының 1-тармағына, "2023 жылы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 98/798 қаулысына сәйкес, сайлау учаскелері және сайлаушылар саны туралы 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Шортанды ауданы әкімнің мәліметтері негізінде Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының1-қосымшаға сәйкес Шортанды ауданның учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы айқындалсын.
- Шортанды ауданы мәслихатына комиссия құрамын қалыптастыру үшін Шортанды ауданы сайлау комиссиялары туралы мәліметтер және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну үшін Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
- "Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы"Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №78/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Комиссия төрағасы М. Атабаев
Комиссия хатшысы С. Макаренко