2023 жылғы 5 қарашада Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 19 586 азамат енгізілді.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны - 14 104,
оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0,
үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың
саны 249.
Кандидаттардың жалпы саны - 2.
Шортанды ауданы әкімін сайлауда мынадай қорытындылар белгіленді:
Балташев Әсет Қанатұлы үшін сайлаушының 1157 дауысы берілді,
Шабаров Сағындық Серікбайұлы үшін сайлаушының 12 827 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 104.
Сайлау қорытындыларымен Шортанды ауданының әкімі болып Шабаров Сағындық Серікбайұлы сайланды, 1982 жылы туған, Шортанды ауданының әкімі, Шортанды ауданының
Шортанды кентінде тұрады.
Шортанды аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы