Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан

тұрғын үйді пайдаланғаны үшін

төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген), Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
  2. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                              Ә. Әділ     

                   

Шортанды ауданы әкімдігінің 

2023 жылғы  «____»________

№__________ қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін

төлемақы мөлшері

№ п/п

Тұрғын үй мекенжайы

Тұрғын үй пайдаланғаны үшін

төлемақы мөлшері, теңге         (айына бір шаршы метр үшін)

1

Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылдық округі Бозайғыр ауылы Қонаев көшесі 9 үй  2 пәтер

206

2

Шортанды ауданы, Андреевка ауылдық округі Андреевка ауылы  Желтоқсан көшесі 15 үй

88

3

Шортанды ауданы, Жолымбет кенті 40 лет Победы көшесі 21үй 9 пәтер

347

4

Шортанды ауданы, Петровка ауылдық округі Петровка ауылы Құрманғазы көшесі 28 үй

148

5

Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі  Степное ауылы Желтоқсан көшесі 15 үй  1 пәтер

148

6

Шортанды ауданы, Новоселовка ауылдық округі, Новоселовка ауылы  Абай көшесі  32 үй

214

 

Дата публикации
24 октября 2023