Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Акмола облысы Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес, Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
  2. Акмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы             30 қарашадағы № А-11/238 «Шортанды ауданының әкімшілік шекараларындасалық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 161216 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Акмола облысының Шортанды ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қантарынаң бастап қолданысқа енгізіледі.
Полный документ
Дата публикации
12 октября 2023