2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Дамса және Петровка ауданы Шортанды ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауының қорытындылары туралы Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ХАБАРЛАЙДЫ

2023 жылғы 24 қыркүйекте екі сайлау округі бойынша Шортанды ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Шортанды ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Дамса сайлау округі

Дамса ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3429 азамат енгізілді, олардың 2769-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 56, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 125.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдрахманова Г. Ж. - 2184; Ордабаева Ә. Ш. – 404.

Дамса ауылдық округінің әкімі болып Абдрахманова Гүлнар Жеңісқызы сайланды, 1966 жылы туған, Шортанды ауданының «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Дамса ауылдық округінің Научный кентінде тұрады.

 

Петровка сайлау округі

Петровка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1020 азамат енгізілді, олардың 850-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 23.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Искаков С. Е. - 670; Мергенбай И.М. – 76; Мерей С. -75.

Петровка ауылдық округінің әкімі болып Сәбит Ережепұлы Исқақов сайланды, 1987 жылы туған Шортанды ауданының «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Новокубанка ауылдық округінің Новокубанка ауылында тұрады.

 

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 26 қыркүйектегі шешіммен 2023 жылғы 24 қыркүйекте сайланған Шортанды ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 сентября 2023