Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының   14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының
2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес және Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 8С-4-2
«Ақмола облысының пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан әкімдерінің сайлау күнін белгілеу туралы» шешімі негізінде Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімін сайлау 2023 жылғы
    5 қарашаға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақмола облысы Шортанды  ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегінегізгі                     іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық
    «Вестник Шортанды», «Шортанды Жаршысы» газеттерінде жариялансын және Шортанды ауданы аумақтық сайлау комиссиясының  интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға 

 

 

М. Атабаев

Хатшы

С. Макаренко

 



Дата публикации
15 сентября 2023