2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімін ң сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Шортанды аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2023 жылғы 15 қыркүйектегі

 №117 қаулысымен бекітілген

 

 

2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақмола облысы
Шортанды ауданының әкімінің сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары

 

1. Аумақтық сайлау округінің құрылуы туралы қаулы қабылдау

                                       Аудандық сайлау комиссиясы

                                       15 қыркүйек 2023 жыл

(14-б. 6) т., 21-б. 4-т.)

    

2. Шортанды ауданының  әкімін (бұдан әрі – әкім) сайлауды тағайындау

 

Пилоттық өңірлердің тізбесі және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы Ақмола облыстық  мәслихатының шешімі негізінде аудандық  сайлау комиссиясы

15 қыркүйек 2023 жыл

 (113-1-б. 1-т.2-т), 2-т.)

 

3. Сайлау округінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей

 (22-б. 2-т.)

 

4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

5. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау    

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

6. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

 Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2023 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

7. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2023 жылғы 16 қыркүйекте басталады және
2023 жылғы 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша    сағат 18.00-де аяқталады.

 (113-3-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы  өкілетті мемлекеттік органдармен бірге

 (4-б., 113-2-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың  көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) тт., 31-б.)

 

 

10. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға
қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

 

11. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық  сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылғандар қол қою парақтарын  аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8,9-т.)

 

 

 

 

 

 

12.  Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2023 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде (2023 жылдың
1 қыркүйгіне әр  ұсынылған кандидат үшін 350000 теңге ) сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2023 жылғы
1 қыркүйектегі жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

2023 жылғы 16 қыркүйекте басталып,
2023 жылғы 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

(113-5-б.)

 

16. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2023 жылғы 9 қазанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталып 2023 жылғы 4 қарашасында жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады.

                                                                           (27-б. 2-т.)

 

19. Әкімдікке кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін  үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген
үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шортанды ауданы әкімдігі және аудандық  сайлау комиссиясы  

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

 Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 15 қазанға дейін

 (24-б. 5-т.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2023 жылғы 20 қазаннан бастап

 (26-б. 1-т.)

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 26 қазанға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                           

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2023 жылғы 2 қарашадан ерте емес және                             4 қарашаға дейін

 (37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 2023 жылғы 5 қараша жергілікті уақыт бойынша    

 сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

 

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

 

27.  Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                                

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу  

 (43-б. 8-т.)

 

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                                                

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу 

 (113-8-б. 1-т.)

 

29. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей

 (113-10-б. 1-т.)

 

30. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей

 (44-б.)

31. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру 

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімінде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
15 сентября 2023