1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.
- Мемлекеттік қызметті Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал);
4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) (www.enbek.kz) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
- Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға, Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады, олардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, білім туралы құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі тізбеде келтірілген.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.
- Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жолдама беру күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).
Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Портал немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы тапсырған кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұраныс қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі автоматты түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
- Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
- Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарау нәтижелері бойынша олар мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес келген жағдайда, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тиісті жолдаманы:
осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдаманы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолдаманы;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес микрокредит алуға жолдаманы;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жастар практикасына жолдаманы;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жолдаманы;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға жолдаманы қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес беріледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым келіп түскен жағдайда ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің шағымы қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға жіберілмейді.
- "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағынасәйкес жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.