Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Дамса және Петровка ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешті:
1.Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса ауылдық округі әкіміне кандидат болып 1983 жылы туған Амантай Жәнібек тіркелсін. "Шортанды ауданы әкімінің аппараты" ММ статисті . Шортанды кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
2.Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка ауылдық округі әкіміне кандидат болып, 1987 жылы туған Искаков Сәбит Ережепұлы тіркелсін.Шортанды ауданы «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғын үй тексерулер секторының меңгерушісі. Новокубанское ауылы тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка ауылдық округі әкіміне кандидат болып 1996 жылы туған Мергенбай Ибрагим Маратбекұлы тіркелсін.Шортанды ауданы "Шортанды кенті әкімінің аппараты" ММ бас маманы. Дамса ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка ауылдық округі әкіміне кандидат болып 1994 жылы туған Мерей Серікбола тіркелсін.Шортанды ауданы "Шортанды ауданының құрылыс бөлімі" ММ бас маманы. Шортанды кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы