«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Шортанды ауданының Дамса және Петровка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» 2023 жылғы 16 тамыздағы № 114/204 қаулысына сәйкес Дамса және Петровка ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округтерінің құрылғаны хабарлаймыз
Шортанды ауданының Дамса және Петровка ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округтері:
- Шортанды ауданы Дамса ауылдық округі әкімінің-Дамса ауылдық округі шекарасындағы Дамса сайлау округі;
- Шортанды ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің-Петровка ауылдық округі шекарасындағы Петровка сайлау округі;
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы