2023 жылғы 24 қыркүйекке Шортанды ауданының Дамса және Петровка ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауын тағайындау туралы хабарлама

Шортанды ауданының Дамсы және Петровка ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауын тағайындау туралы

 

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Шортанды аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 24 қыркүйекке Шортанды ауданының Дамса және Петровка ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауы тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Шортанды ауданының Дамса және Петровка ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және «Шортанды жаршысы», «Вестник Шортанды» аудандық газеттерінде жариялансын.

 

Аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы С. Ерғалиев      

 

Аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы  С. Макаренко

 

Дата публикации
22 августа 2023