Ақмола облысының аумағында коронавирустық инфекция (COVID-19) ауруының таралуының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын енгізу туралы
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі № 86 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 кыркүйектеп Кодексінің 7-121148150 және 152-баптарына, «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 қаулысына, «Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 44 қаулысына сәйкес және облыстың халқы арасында COVID-19 зертханалық расталған ауруының 1386 жағдайдың (апта ішінде өсім 6,1 %-ды құрайды), оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша 464 жағдайдың (апта ішіндегі өсім 7,6%-ды құрайды), Ерейментау ауданында 86 жағдай (апта ішіндегі өсім 13,5%-ды құрайды), Бурабай ауданы бойынша 68 жағдай (апта ішшде өсім 11,5%-ды құрайды), Степногорск қаласында 65 жағдайдың (апта ішіндегі өсім 5%-ды құрайды), тіркелуіне байланысты,
Төсек қорының қамтылу пайызы (ТҚҚП) = 68 %, репродуктивті саны R=1.02 құрайды, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Ақмола облысының тұрғындарына:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бетперделерді кию алгоритмінің сақталуын қамтамасыз ету;
2) аса қажеттілік болмаса, 65 жастан асқан адамдардың және 3 адамнан артық топтарға үйден шығуға жол бермеу;
3) ересектердің еріп жүруінсіз 14 жасқа деиінгі балалардың жүруіне жол бермеу;
4) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ойын-сауық объектілерісіз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беру;
5) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, температура 38(ІС дейін) пайда болған кезде, учаскелік дәрігерді шақыру арқылы, дене қызуы 38°С жоғары көтерілген кезде 103 нөмірі бойынша же дел медициналық жәрдем шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, тіркелген жері бойынша тез арада медициналық көмекке жүгіну;
6) отбасылық (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) іс-шараларын, сондай-ақ ішінде көп адам жиналатын өзге де іс-шараларды жүргізуге жол бермеу;
7) көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруына жол бермеу;
8) жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30 адамнан астам (отбасы мүшелері) жиналуға жол бермеу.
1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференция, семинар, көрме және т.б.), отбасылық (банкет, үйлену тойлары, мерейтой, дұға) іс-шараларын, сондай-ақ ішінде көп адам жиналатын өзғе де іс-шараларды жүргізуге жол бермеу;
2) сауда үйлері мен орталықтары, сауда-ойын сауық кешендері, сауда желілері (олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда) қызметтерін тоқтата тұру
3) ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, аттракцион, балалар ойын алаңдары, батут және т.б.), кинотеатрлардың қызметтерш тоқтата тұру;
4) объектілері (театр, мұражай, көрме, концерт залдары және т.б.) қызметтерін тоқтата тұру;
5) балалар сауықтыру лагерлері, мектепке дейшгі балалар мекемелері, мектептен тыс қосымша білім мекемелері (дамыту, білім орталықтары, үйірмелер және т.б.), балалар коррекция кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметтерін тоқтата тұру;
6) фудкорт, банкет залдары қызметтерін тоқтата тұру;
7) спа-орталықтары, фитнес және тренажер залдары мен спорттық ойын -сауық орталықтары, хауыз, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, қоғамдық монша мен сауна, косметикалық және косметологиялық, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сән салондары, шаштараздар,орталықтар мен салондардың қызметтерін тоқтата тұру;
8) жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес) қызметтерін тоқтата тұру;
9) жәрмеңке, форум, конференция және өзге де көпшілік қатысатын іс -шараларды тоқтата тұру;
10) таза ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат беру;
11) діни мақсаттағы объектілердің (мешіт, церкковь, собор, синагоги және т.б. қызметін тоқтата тұру;
12) қалааралық, облысаралық автобус тасымалдау қызметін тоқтата тұру;
13) онлайн көрсетілмейтін қызметтер үшін «Қазпочта» АҚ-тың жұмыс тәртібін жұмыс күндері сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастыру;
14) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актілері негізінде уақыты мен санын шектей отырып, қаржы нарығы субъектілері қызметіне рұқсат беру;
15) бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, ауданы 500 шаршы метрден кем азық-түлік емес дүкендердің (барлық түрлері) жұмыс тәртібш сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін шектеу;
16) клиенттерге жеткізу жолы арқылы ауданы 500 шаршы метрден артық азық-түлік емес дүкендердің (барлық түрлері) қызметі рұқсат етіледі;
17) бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, азық-түлік дүкендердің жұмыс тәртібін сағат 09.00-ден сағат 21.00-ге деиін шектеу;
18) бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс тәртібін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектеу;
19) оқшаулау талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекңиялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметін (жазылу бойынша)рұқсат ету;
20) қоғамдық көліктің барынша бірқалыпты қозғалыс кестесімен шығуын және көліктщ ішшде адамдар отыратын орын саны бойынша ғана болуын қамтамасыз етіп, қоғамдық көліктщ жұмысын сағат 21.00-ге деінн шектеу;
21) жергілікті атқару органдары, құқық қорғау органдары, жедел жәрдем, мемлекеттік медицина мекемелері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтерді, сонымен қатар стратегия объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндіріс процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, Ақмола облысы елді мекендері аумағында тұрғындардың жүріп-тұруын сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін шектеу;
22) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекңиялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампания, өзге де ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілердің жұмысын рұқсат ету. Сондай-ақ, (штат кестесі бойынша 30 қызметкер болса) қызметкерлердің 80%-ынан кем емес қашықтық жұмыс түріне ауыстырылады;
23) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сактай отырып, туризм объектілері мен адамды тұрғызатын қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отель, демалыс үйлер, туристік базалалар, санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілер және т.б.) қызметін рұқсат ету;
24) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс тәртібін сағат 10.00-ден 20.00-ге деиін шектей отырып, халыққа контактісіз қызмет түрлерін көрсету объектілері (көлік жуу, көлік жөндеу, тұрмыстық техника жөндеу және т.б.) рұқсат ету;
25) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өндірісі токтамай жүретін онеркәсіп кәсінорындардың; таза ауада құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы қызметіне рұқсат беру;
26) жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесін орнатып, бизнес-орталықтары, (сақтандыру компания, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылар және т.б. ) валюта айырбастау пункттері, ломбард, букмекер кеңселерінің жұмысын ұйымдастыру;
27) халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 15.00-ғе дейін (egov.kz. сайты, EgovKzBot2. 0 ТелеграмБот) қатаң түрде кезекті алдын ала брондау бойынша, Call орталықтары сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері қызметтерін тоқтата тұру;
28) салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және көпшілік жиналуы мүмкін, басқа да іс-шараларды өткізбей, қоғамдық тамақтану объектілерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекңиялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын ашық ауада және залда 30 орыннан артық емес жұмыс тәртібі сағат 21:00-ге дейін шектеу;
29) такси қызметтерінің (2 адамнан артық емес) жүруін шектеу;
30) Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (бұдан әрі - БМСДҚ) қолданыстағы қаулыларына сәйкес шектеу іс-шараларының сақталуына мониторинг жүргізу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке санитариялық-карантиндік шараларды сақтамайтын тұлғаларды тарта отырып, әкімдіктер жанындағы жеделдетілғен топтардың объектілерғе іріктеп тексеру жүргізу;
31) халыққа COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
32) меншік нысанына қарамастан, барлық объектілердің (субъектілердің) ҚР БМСДҚ қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтаудан басқа, ҚР БМСДҚ № 43 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес санитариялық-дезинфекңиялық режимнің талаптарын сақтау тиіс;
33) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медиңиналық-әлеуметтік объектілерде, сәби үйлеріне, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин режимі және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау;
34) ҚР БМСДҚ № 43 23-қосымшасына сәйкес жуу және дезинфекңиялау құралдарын қолдана отырып, әрбір сапар алдында қоғамдық көліктерді, такси, өнеркәсіп аумақтарды, әуежайларды, темір жол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорт снарядтарын, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды өңдеу, басқа да объектілерді зарарсыздандыруді;
35) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимдердің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексі негізінде тиісті әкімшілік шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.
1) ҚР БМСД-нің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 қаулы талаптарын орындау;
2) ЖРВИ белгілерімен және COVID-19-ға күдікті науқастарды анықтау мақсатында аулаларды аралап шығу;
3) ЖРВИ, пневмония белгілерімен және температурасы бар COVID-19-ға күдікті науқастарға ПТР әдісімен зертханалық тексеру жүргізу;
4) асқынуды болдырмау мақсатында, халыққа дер кезінде медициналық көмекке жүгіну туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
5) созылмалы аурулары бар, «Д» есепке алынған науқастарды ерекше есепке алу;
6) гемодиализ қызметтерін және онконауқастарға медициналық қызмет көрсетуді, сонымен қатар емделуі тоқтатылып, пациенттің өміріне қауіп төндіретш хирургия аурулары бар науқастарды қоспағанда, пациенттерді стационарларға жоспарлы жатқызуды тоқтата тұру;
7) карантинге жабылған медициналық мекемелерде скринингтерді және профилактикалық тексеруді тоқтата тұру;
8) санитариялық-карантиндік талаптар қатаң сақталған жағдайда, кәсіпорындарға шығып, медициналық профилактикалық тексерулер жүргізу үшін емханаларда шұғыл топтар құру;
9)абитуриенттерге медиңиналық профилактикалық тексерулер жүргізу үшін алдын ала жазылу бойынша аптасына 2 рет 4 сағаттан артық емес кесте орнатуды қамтамасыз етсін.
1) COVID-19 бойынша карантиндік, уақытша және инфекциялық стационарлардың орындарын күзету;
2) COVID-19 расталған жағдаймен жақын байланыс ретінде қоршаған ортадан анықталған тұлғалар және симптомсыз ағымымен (тасымалдаушылар) тұлғалар үй карантиннің шарттарын сақтау тиіс;
3) COVID-19 расталған және күдікті (байланыста болғандар) жағдаймен тұлғаларды емдеуге жатқызу, тексеру кезінде медицина қызметкерлерше жәрдемдесуді;
4) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимдердің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексі непзшде тиісті әкімшілік шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.
1) COVID-19 жағдайын тіркеу туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 сағат ішінде COVID-19 науқасымен сұрау жұмысын жүргізу;
2) COVID-19 жағдайын тіркеу туралы хабарламаны алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 әрбір жағдайын эпидемиолоғиялық тексеру;
3) COVID-19 алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
4) санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды қамтамасыз етсін.
1) бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы 2 күн ішшде қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа хабардар ету;
2) халыққа қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апаттық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;
3) облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.
|
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері |
А. Мусина |
Ақмола облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі
№ 86 қаулысына 1-қосымша
Қорғаныш бетперделерді кию алгоритмі
1) басқа да әлеуметтік қашықтық шараларын ұстау қиын орындарда жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медиңиналық ұйым, Халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және басқалар), сондай-ақ көлікте болған кезде барлық адамдарға;
2) COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;
3) COVID-19 ұқсас ауру белгілері пайда болған адамдарға (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіруі).
1) бетпердені киер алдында қолды антисептикалық құралмен өңдеу керек немесе сабынмен жуыңыз;
2) бет пен бетперде арасындағы саңылаусыз мұрын мен аузын жабатындай бетпердені кию;
3) пайдалану кезінде бетпердені тимеу;
4) жанасу жағдайында қолды антисептикалық құралмен өңдеу және оларды сабынмен жуу;
5) егер киген кезде бетперде су болса, оны жаңасына ауыстыру және бір рет қолданылатын бетперделерді қайта қолданбау ұсынылады;
6) бетпердені шешу кезінде сақтықты сақтау және өз көздеріне, мұрын мен ауызға жанаспау;
7) бетпердені шешу үшін оны артынан немесе бүйірінен (бетперденің алдыңғы бөлігіне жанаспастан) резеңкеден тыс ұстау және дереу қалдықтар үшін жабылатын контейнерге (пакетке) лақтыру қажет;
8) кеиін қолды антисептикалық құралмен өңдеу немесе оларды сабынмен жуу қажет.
Ақмола облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі
№ 86 қаулысына
2-қосымша
Меншік нысанына қарамастан, жұмыс істейтін және қызметтерін қайта бастаған барлық объектілер (субъектілер) үшін жұмыс алгоритмі
Қазақстан Республикасы және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулысында көрсетілген талаптардан басқа, барлық қызмет ететін объектілер (субъектілер), органдар мен ұйымдарда мынадай санитариялық-эпидемиологиялық
қауіпсіздік нормалары сақталуы тиіс:
1) жұмыс ауысымы алдында қызметкерлердің дене қызуын өлшеп, дене қызуы көтерілғен немесе инфекциялық ауру белгілері бар тұлғаларды міндетгі түрде жұмыс орнынан шектей отырып, күн сайын «кіру фильтрдің» ұйымдастырылуы ұсынылады;
2) қызметкердің және онымен бірге тұратын тұлғалалардың денсаулық жағдайын сұрастыру және науқас адамдармен немесе басқа елден, облыстан, ауданнан оралған тұлғалармен қарым-қатынаста болғаны туралы ақпарат алу (сұрау, сауалнама жүргізу);
3) объект кіре берісінде тері антисептиктермен (соның ішінде орнатылған дозаторлармен) немесе дезинфекциялық майлықтармен қол өңдеу үшін арнайы орын белгілеп, ұйымдастыру;
4) қызметке қатысы жоқ тұлғаларды объектіге (ұйымға) келуді шектеу;
5) объект кіре берісінде дезинфекциялық құралдармен өндеу арқылы дезинфекциялық барьер (кілемшелер) орнату;
6) мүмкіндігшше жұмыстың штат режимін қысқарту;
7) технологиялық процеске қатысы жоқ және қызмет көрсетпейтін персоналды барынша алыстан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылады.
1) объектіде (ұйымда) ауа-тамшы және контакт механизмі арқылы инфекцияның таралуын шектеу үшін қызметкерлер арасында қарым-қатынасты қысқарту;
2) 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жайлардың ішінде, көшелерде кезектің пайда болуына жол бермеу және бір сәтте қызмет көрсетілуді шектеу;
3) объектіде (ұйымда) кезкелғен көпшілік қатысатын іс-шаралардың жүргізілуін тоқтату және қызметкерлердің басқа ұйым мен мекемелердің ұжымдары іс-шараларына атсалысуларына тыйым салу;
4) қызметкерлер бір жерде жиналмайтын, бірге тамақтануға жол бермейтш кесте бойынша тамқтану аймақтарында ғана тамақтануды ұйымдастыру;
5) көпшілік қолданатын жерлерді, әжетханаларды қол жууға арналған сабынмен және антисептик құйылған дозаторлармен қамтамасыз ету;
6) келушілермен қарым-қатынаста болатын қызметкерлерді бетперде қорымен (жұмыс ауысымына қарай, 3 сағатта 1 рет бетпердені ауыстырып отыру), сонымен қатар қолды зарарсыздандыру үшін дезинфекңиялық майлықтармен, антисептиктерімен қамтамасыз ету;
7) қызметтік жайларды және көпшілік пайдаланатын бөлмелерді (асхана, демалыс бөлмелері, әжетханаларды) вируңилидтік әрекет егегін (вирусты жоятын) дезинфекция құралдарын қолдана отырып, күн сайын (ауысым сайын) ылғалды жуу жұмыстарын жүргізіп отыру. Дезинфекция әр 2-4 сағат сайын барлық қолмен ұсталатын жерлерді (есік тұтқалары, сөндіргіштер, сүйеніштер, үстелдер, орындық арқалары, оргтехника және т.б.)жүргізіліп отыруы тиіс;
8) жуу және дезинфекциялық құралдардың, тыныс алу орғандарын жеке қорғаныс құралдарымен (бетперде, репираторлар), қолғаптар бес күнге жететін қорымен қамтамасыз ету;
9) қызметкерлер тұрақты отыратын бөлмелерде рециркуляторлық түріндегі бактерицидтік ауа сәулелендіргіш қолдану ұсынылады;
10) профилактикалық тексеруді, жөндеуді жүрзін, сонымен қатар фильтрді ауыстырып, ауа арнасын дезинфекциялау арқылы желдеткіш жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
11) (әр 2 сағат сайын ) жұмыс бөлмелерді жүйелі түрде желдетіп отыру;
12) қызметкерлердің жұмыс кезінде бетперде/респираторларды тағып, оларды уақтылы ауыстырып отыруларына бақылауды күшейту;
1) профилактика шараларын, жеке гигиена және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау: жұмыс барысында қолды сабынмен қайта-қайта жуу немесе антисептикпен зарарсыздандыру қажеттіліп туралы қызметкерлерғе ақпарат беріп отыру;
2) қызметкерлдерді іссапарға жіберуді шектеу;
3) жаңа короновирустық инфекция COVID-19 көтерілген кезде және аурудың жоғары деңгеиі кезінде өзін-өзі оқшаулау режимін қамтамасыз ете отырып, осал топтарға жататын жасы 65-тен асқан тұлғалар, сонымен қатар сөзылмалы аурулары бар, иммунитеті төмен, жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмысқа ауыстыру немесе жұмыстан уақытша шектеу;
4) (кәсіпорында медициналық персонал бар болған жагдайда) жұмыс кезшде қызметкерлерді дене қызуын өлшей отырып, репираторлық ауру белплерін тексеріп отыруды ұйымдастыру;
5) (тамақ өнеркәсібі ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, су құбыр имараттар, білім ұйымдарының қызметкерлерін) міндетті түрдегі алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерді талап ететін жұмыстарға жібермеу;
6) объектіде санитариялық-эпидемиолоғиялық талаптардың орындалуын бақылайтын жауапты тұлғаны белгілеу және бекіту;
7) қызметкерлерді қызметтік автокөлікпен жұмысына жеткізуді және жұмысынан алып кетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жүргізушінің қолын зарарсыздандыру арналған антисептикпен және қорғау құралдарымен (бетперде, қолғап, арнайы киім, көзді қорғау құралдары) қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде қажетті уақытта ауыстырып отыру, сонымен қатар көліктің салонын әр рейстің алдында дезинфекциялап, желдетін отыру. Көлікке отырар алдында, қызметкерлер бетперделерін киіп отырулары тиіс;
8) көпшілікке көрінетін жерде (стендте, кіре берісте) келушілер үшін COVID-19 профилактикасы бойынша жаднамалар орналастыруды қамтамасыз ету;
9) аптасына 1 рет объектіні жауып, міндетті түрде санитариялық күннің өткізуін қамтамасыз ету;
10) объектілерде бетперде режимін сақталуына бақылауды қамтамасыз ету.