Шортанды аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 7С-20/3 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27276 болып тіркелген) шешімі;
Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-2/5 «Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 7С-20/3 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8538-03 болып тіркелген) шешімі.
Шортанды аудандық
мәслихатының төрайымы Г. Сәдуақасова