Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы, 13-бабының 2) тармақшасы, 17-бабымен осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы абзацпен толықтырылсын:
«әлеуметтік маңызы бар қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне медициналық мекемеден растау анықтамасы негізінде бір рет шекті мөлшерде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;»;
7-тармақ 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне санаторлық-курорттық картаның, қызметтерді көрсету туралы шарттың, орындалған жұмыстар актісінің, шот-фактура мен төлем туралы түбіртектің негізінде бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерде;».
Шортанды аудандық
маслихатының төрайымы Г. Сәдуақасова